Әкімдер сайлауы

Ашық және әділ өтті

Мұғалжар ауданы

Биыл ел тұрғындары ауыл әкімдерін өздері сайлауға мүмкіндік алды. Мұғалжар ауданында Қайыңды ауылдық округінің әкімі сайланды.
1225 тұрғыны бар Қайыңды ауылдық округінде 712 сайлаушы өз таңдауын жасады. Таратып айтсақ, №347 Қайыңды ауылындағы сайлау учаскесінде 393 сайлаушы, ал Алтынды ауылындағы №348 сайлау учаскесінде 319 сайлаушы дауыс берді. Сайлаудың өту барысын үміткерлердің сенімді өкілдері мен 21 бақылаушы бақылап отырды. Шара барысында барлық санитарлық талаптар сақталды. Тұрғындардың бәрі дерлік медициналық бетперде киіп келді, кіреберісте олардың қызуы өлшенді. Сайлау комиссиясының мүшелері коронавирусқа қарсы екпе алса, бақылаушылар мен сенімді өкілдер ПТР-тест тапсырған.
Округ бойынша 712 сайлаушы болса, соның 700-і сайлауға қатысып, дауыс берді. Жарамсыз бюллетень саны — 3, сондай-ақ «барлығына қарсымын» деген
6 бюллетень болды. Ауыл тұрғындары дауыс беруге ертемен келе бастады.
Қайыңды ауылының тұрғыны Абылайхан Әбдіқалықов пен Алтынды ауылының тұрғыны Өркен Қуанышбаев өз учаскелеріне алғашқы боп келіп, таңдауларын жасады.

Қайыңды ауылында 18 жастағы Нұрбек Ұлықпанов бірінші рет дауыс берді. Сайлауға жауапкершілікпен қараған ол өз таңдауын дұрыс жасағанына сенімді.
Сайлау қорытындысы бойынша 592 дауыс жинаған Нұрболат Жалғас Қайыңды ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Нұрболат Жоламанұлы — Қайыңды
ауылының тұрғыны, 1991 жылы туған. Бұрын Қайыңды ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып еңбек етті. Сайлауға Nur Otan партиясы атынан
қатысты.
Еске сала кетейік, Қайыңды ауылдық округі әкімі қызметі үшін үш үміткер бақтарын сынады.
Олар: «Ақ жол» демократиялық партиясы ұсынған Абдиев Джали Тілепбайұлы, Nur Otan партиясы ұсынған Жалғас Нұрболат Жоламанұлы және өзін-өзі ұсынған Төребеков Руслан Әділұлы.

Әсел АБДАНБАЕВА.

Шалқар ауданы

Шалқар ауданында Шетырғыз, Ақтоғай, Есет Көтібарұлы және Кішіқұм ауылдық округтерінде әкімдер сайлауы өтті.
Жергілікті халық сайлау учаскелеріне келіп, өздерінің таңдауларын жасады.
Шетырғыз ауылдық округінің орталығы Қаратоғай ауылында орналасқан №515 сайлау учаскесінің төрағасы Жолдас Сиршиннің айтуынша, аталған
округ бойынша 334 адам дауыс берген.
— Сайлауға ауыл тұрғындары белсенді қатысып, қалаған үміткерлеріне дауыс берді. Учаскеде барлық санитарлық нормалар сақталды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дауыс беруге арналған бір кабина, жалпы келушілерге екі кабина жасақталды. Алғаш дауыс берген ең жас сайлаушыларымыздың бірі, студент — Индира Төлеубаева. Ал ауылдағы 90 жасқа таяған сайлаушымыз Райхан Алмашева да өз таңдауын жасады.
Мемлекет басшысының былтырғы Жолдауында көтерілген ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы бастамасы өте дұрыс шешім болды. Ауыл халқы осынау игі істі қуана құптады. Ауылдық округ әкімдерін сайлау ауыл халқының мүддесі үшін жасалып отыр деп білемін. Сонымен бірге бұқараның өзі сайлаған басшы сенім үрдісінен шығу үшін келешекте барын салып жұмыс істейді деп ойлаймын, — дейді Жолдас Сиршин. Сайлау қорытындысы бойынша Шетырғыз ауылдық округінің әкімі болып 302 дауыс жинап, Қази Жұмаханов сайланды.

Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сапарғали Құлбергеновтің айтуынша, Ақтоғай ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 468 азамат тіркелсе, олардың 417-сі дауыс берген.
Аталған ауылдық округтің әкімі болып 359 дауыспен Nur Otan партиясы атынан ұсынылған кандидат Ерік Құрмаш сайланды.
Есет Көтібарұлы ауылдық округінде 369 адам сайлауға қатысты. Сайлау қорытындысы бойынша Nur Otan партиясы ұсынған үміткер Мирамғали Кенжалин 347 дауыс жинап, аталған округтің әкімі болып сайланды.
Ол 1980 жылы дүниеге келген. Есет Көтібарұлы ауылдық округі, Байқадам ауылының тұрғыны.
Кішіқұм сайлау округі бойынша сайлаушылар саны — 1092. Оның 1022-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны — 18.
Сайлау нәтижесінде Nur Otan партиясы ұсынған Құрышбек Қазбеков 890 дауыс жинап, ауыл әкімі болып сайланды.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Қобда ауданы

Әкімдер сайлауы Қобда ауданы бойынша биылғы тамыз айында өкілеттілігі аяқталатын 5 ауылдық округте өтті. И.Құрманов атындағы, Жарсай, Сарыбұлақ,
Талдысай, Терісаққан ауылдық округ тұрғындары бұрынғы әкімдерін қайта сайлап алды.
Сайлауды 8 сайлау комиссиясы 9 елді мекенде ұйымдастырды. Науқанға 7 аудандық комиссия мүшесі, 40 учаскелік сайлау комиссия мүшесі қатысты.
— Сайлауға аудан бойынша 16 адам үміткер ретінде тіркелді. Кейін 1 адам өз еркімен сайлауға қатысудан бас тартып, өтінішін қайтып алды. Үміткер ретінде тіркелген 15 адамның 5-еуі Nur Otan партиясынан, 3-еуі — «Ақ жол», 3-еуі — «Ауыл» партиясының өкілдері. Ал 4 адам өзін-өзі ұсынды. Сайлау
қорытындысы бойынша 5 ауылдық округке де Nur Otan партиясынан ұсынылған үміткерлер жеңіске жетті. Тұрғындар осылайша, өздерінің бұрынғы әкімдерін қайта сайлап алды, — дейді Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ақшолпан Оразова.
Аудан бойынша дауыс беру кезінде ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ.
Дауыс берушілердің барлығы бетперде режимін сақтап, мамандар келушілердің дене қызуын өлшеп отырды.

Ойыл ауданы

Ойыл ауданы бойынша ауыл әкімдерін сайлау Көптоғай және Саралжын ауылдық округтері бойынша өтті. Аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Берік Бисекеновтің айтуынша, халықтың сайлауға қатысуы жоғары деңгейде болды. Көптоғай ауылдық округі бойынша 1225 сайлаушының 1163-і дауыс берген. Бұл сайлаушылардың 94,9 пайызын құрайды. Дауыс беру қорытындысы бойынша 70,2 пайыз дауыс жинаған Көптоғай ауылдық округінің бұрынғы әкімі Ерлан Асылбаев округ әкімі болып қайта сайланды.

Саралжын ауылдық округі сайлаушыларының 92,6 пайызы дауыс беруге келген. Бұл округтегі сайлаушы саны 992 болса, оның 919-ы дауыс берді.
Үміткерлер арасында ең көп 62,8 пайыз дауыс жинаған Саралжын орта мектебінің директоры Марат Тәжіғалиев округ әкіміне лайық деп танылды.
Екі округтің әкімдерін аудандық орталық сайлау комиссиясы тіркеп, шешімі шықты. Енді аудан әкімінің тағайындауынан соң қызметтеріне кіріседі.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Қарғалы ауданы

Қарғалы ауданында Қосестек ауылдық округі бойынша төрт үміткер ұсынылған болатын. Сайлау учаскесі санитарлық талаптарға сай жасақталып, сайлаушылар еш кедергісіз дауыс берді. Сайлаушылардың белсенділігі 91 пайызды құрады. Сайлауға мыңнан аса адам келіп, өзтаңдауларын жасады. Дауыс беру тәртібін жеті адамнан тұратын комиссия бақылады.
Аудандық аумақтық сайлаукомиссиясының төрағасы Найля Құжақованың айтуынша, NurOtan партиясы атынан сайлауға түскен үміткер Гүлжан Досмағамбетова 83 пайыз дауысқа ие болды.

Әйтеке би

Әйтеке би ауданы бойынша әкімдер сайлауы 7 ауылдық округте, 15 сайлау учаскесінде өтті. Аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Әділбек Әбдіғалиевтің айтуынша, барлығы 8483 сайлаушы тіркелген. 77 адам денсаулық жағдайына байланысты өз таңдауын үйінен жасады.
Барлық сайлау учаскелерінде ең алғаш дауыс берушілер мен ерте келіп таңдау жасаған сайлаушыларға естелік сыйлықтар берілді.
Аудан бойынша әкім болуға үміткер ретінде тіркелген 19 адамның 7-еуі өзін-өзі ұсыныпты. Дауыс беру нәтижесі бойынша 6 ауылдық округке Nur Otan
партиясы атынан үміткер ретінде тіркелген азаматтар сайланса, 1 ауылдық округке «Ауыл» партиясының өкілі тағайындалды.
Сайлаушылардың белсенділігі жоғары болды. Науқан Қазақстан Республикасының барлық заңдарына және санитарлық талаптарға сай өтті.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Алға ауданы

Алға ауданында Үшқұдық және Тоқмансай ауылдық округтерінде әкімдер сайлауы өтті.
Аудандық сайлау комиссиясы есептеген сайлау қорытындысы бойынша Тоқмансай ауылдық округінде сайлаушылар тізіміне 814 азамат енгізілді. Оның 701-і
дауыс берді. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Д.Аппазов —18,
Т.Жәнібеков — 20, Ш.Көшкінбаев — 654. Нәтижесінде «Ауыл» халықтық демократиялық партиясы ұсынған үміткер Ш.Көшкінбаев
аталған ауылдық округтің әкімі болып сайланды.
Үшқұдық ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны — 954.нда Үшқұдық және Тоқмансай ауылдық округтерінде әкімдер сайлауы өтті.
Аудандық сайлау комиссиясы есептеген сайлау қорытындысы бойынша Тоқмансай ауылдық округінде сайлаушылар тізіміне 814 азамат енгізілді. Оның 701-і
дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Д.Аппазов —18, Т.Жәнібеков — 20, Ш.Көшкінбаев — 654. Нәтижесінде «Ауыл» халықтық демократиялық партиясы ұсынған үміткер Ш.Көшкінбаев аталған ауылдық округтің әкімі болып сайланды. Үшқұдық ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны — 954.

Оның 864-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны — 18. Үміткерлер Б.Ақдәулетов — 729, Ә.Құрамысов — 69, Г.Мырзалин 26 дауыс жинады. Nur Otan
саяси партиясы ұсынған үміткер Берік Ақдәулетов Үшқұдық ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Біз Тоқмансай ауылдық округінде өткен сайлауға бақылаушы болып қатысқан аудандық білім бөлімінің әдіскері Әбдімұрат Қоргулиннің пікірін білген едік:
— Мен көптеген сайлауға қатысып жүрмін. Бұл сайлаудың ерекше тұстарын арнайы атап өткім келеді. Халықтың ықыласы өте мықты. Ұйымдасулары
жақсы.

Тіпті Тоқмансай теміржол стансасының тұрғындары арнайы көлікпен келіп, бір адамдай дауыс берді. Барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды. Таңғы сағат 6.00-де еліміздің Әнұраны орындалған соң, кешке дейін елдікке, биік рухқа қанаттандыратын патриоттық әндер орындалып тұрды.
Жаңадан сайланған әкімдер халықтың үмітін ақтап, өз міндеттерін нақты орындайды деген сенімдеміз, — дейді Әбдімұрат Қоргулин.

Ш.ЕЛЕУСІЗ.

Темір ауданы

Темір ауданының Ақсай, Кеңесту, Сарыкөл, Тасқопа ауылдық округтерінің тұрғындары өздері таңдаған үміткерлерге дауыс берді.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясына барлығы 14 адамның құжаттары ұсынылып, 12-сі үміткер ретінде тіркелді. Олардың орташа жасы 35-ті жасты
құрады.
Аудан көлемінде кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізілді. Кандидаттардың сенім білдірген адамдары ретінде 29 адам тіркелді. Ал
нақты сайлау процесіне барлығы 39 байқаушы қатысты.
Барлығы 10 учаскелік сайлау комиссиясында 54 комиссия мүшесі сайлауға қатысты. Комиссия мүшелері сайлауға дайындық кезеңінде семинарларға қатыстырылып, арнайы оқытудан өткізілді. Сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар қатаң қадағаланды. Комиссия мүшелері екпе
алды.
Ауданда 5551 сайлаушы болса, оның 55,4 пайызы дауыс берді. Ақсай мен Кеңесту ауылдық округтерінің сайлаушылары белсенділік танытты. Ақсай
ауылдық округінің әкімі болып Еламан Бегімов сайланса, Кеңесту ауылдық округінің тізгінін Жәнібек Маясаров ұстайтын болды. Сарыкөл ауылдық округінің
тұрғындары Мәди Шүйіншалинге сенім артты, тасқопалықтар бұрынғы әкімі Мәрзия Қожақованы таңдады.
Төрт әкім де сайлауға Nur Otan партиясы атынан түскендер.

Хромтау ауданы

Хромтау ауданында Ақжар,Аққұдық, Табантал, Қопа округтерінің тұрғындары да таңдауларын жасап, әкімдерін сайлап
алды.
Хромтау ауданындағы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серек Сағымбаевтың айтуынша, барлық сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар қатаң сақталған, төрт округтің әрқайсысында үш үміткерден сынға түскен.
Ақжар ауылдық округінде мың жарым сайлаушының 863-і дауыс берген Болатбек Дүйсембин жеңіске жетті. Ол «ADAL» партиясы атынан сайлауға қатысыпты.
Ал Аққұдық ауылында 280 сайлаушының 221-і өзін-өзі ұсынған үміткер Қайрат Ташеновке дауыс беріпті. Қайрат Қажығалиұлыбұрын Ақжар ауылдық округінің
әкімі болды.
365 сайлаушысы бар Табантал ауылдық округінде 198 дауыс жинаған Рүстем Шакизаев әкім боп сайланды. Ол «Ақжол» партиясы атынан сайлауға түскен.
Қопа ауылдық округіндегі 459 сайлаушының 311-і Айгүл Бұсырманованы ауыл әкіміне лайық деп таныды.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button